Надо перевод каз- рус
Екі дос ағаштың арасымен келе жатып бір аюға кездесті. Олардың біреуі әлсіз, ауру екен. Аюды көрген кезде сауы ауру жолдасын тастап, жүгіріп барып, бір ағаштың басына шығып кетеді. Ауру, ә лсіз досының ағашқа шығуға дәрмені болмайды. Ол жерге етпетінен түсіп, өлген кісідей, дем алмастан жата қалады. Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен. Аю жатқан адамның қасына келіп, иіскелеп, дыбысы білінбеген соң, жөніне кетеді. Аю кеткен соң, ағаштың басындағы жолдасы жерге түсіп, ауру досынан: - Аю сенің құлағыңа не деп сыбырлап кетті? - депті. - Басыңа қиыншылық түскенде, сені жалғыз тастап кеткен жолдасың жаман екен деді, - деп досы жауап беріпті.
Самые новые вопросы
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.