profile
Опубликовано 6 лет назад по предмету Қазақ тiлi от ludmila1998

помогите написать№
белгілі күйшілер туралы әнгімеле

  1. Ответ
    Ответ дан BAkdaulet2003
    Күйші -домбырады күй орындайтын музыкант
    Белгілі және атақты  күйшілерге Дәулеткерей,Сүгір,Құрманғазы,Дина Нұрпейсова жатқызамыз
     
    Дәулеткерей Шығайұлы – қазақтың ұлы күйші-композиторы.  Дәулеткерей күйлері – терең мазмұнды күйлер. Оның «Қыз Ақжелең»,    « Құдаша», «Қосалқа», «Жігер», «Топан», «Бұлбұл» атты күйлері бар. Дәулеткерей күйлері «төре қағыспен» нәзік орындалады.
    Сүгір Әлиұлы -
     шертпе күйінің жалғастырушысы болып саналады. "Кертолғау", "Шалқыма", "Жолаушының жолды қоңыры", "Ыңғайтөк", "Аққу", "Бес жорға" атты күйлері белгілі.
    Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896)- композитор-күйші, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.
    Оның “Сары-Арқа”, “Балбырауын”, “Серпер”, “Адай” сынды күйлері қазақтарда Отан, ел деген ұғымдармен астасады.Қара халықтан шыққан Құрманғазы өмір бойы қазақ байларының заңсыз іс-әрекеттеріне қарсы күресіп, жай адамдар құқығын қорғап келген
    Дина НҰРПЕЙІСОВА Күйші-композитор, Қазақ КСР халық әртісі, ұлы күйші Құрманғазының шәкірті.
    Динаның күйлері күрделі мектепке жатады. Оны кез-келген орындаушы тез арада меңгеріп кете алмайды екен. Сондықтан күйші – композитордың шығармаларын аса кәсіби мамандар болмаса кез-келген музыканттың орындауға батылы бара бермейтін көрінеді. Динаның күйлері: «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Бозшолақ», «Бұлбұл», «Домалатпай», «Жеңіс», «Жігер», «Кербез», «Қосалқа», «Тойбастар», «Шынар» т.б.

Самые новые вопросы