profile
Опубликовано 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от naduska80

короткий рассказ на казакском языке про школу

  1. Ответ
    Ответ дан 98gauhar98
    Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне, мектеп бітіру туралы атестатты қолдарына ұстап, үлкен өмірге жолдама алды. «Қашан ғана осы мектепті бітіремін» деп ойлайтын кездер көп болып еді. Қазір сол мектепті бітіріп шыққаныма өзім сене алмаймын. 
Самые новые вопросы