profile
Опубликовано 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от diharpy

Көксерек әңгімесінен қалау райы бар 10 сойлем керек

  1. Ответ
    Ответ дан така3
    Қалау райы сөйлеушінің белгілі бір амалды я әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, ынта-тілегін, үміт-арманын білдіреді. Бұл райдың көрсеткіштері есебінде -ғы (+м, +ң) сы кел; -са игі еді; ғай еді; -са екен (аналитикалық) форманттары қызмет етеді.[2]

    Мысалы:Меніңбар-ғы-м келедіБіздіңбар-ғы-мыз келедіСеніңбар-ғы-ң келедіСендердіңбар-ғы-лары-ң келедіСіздіңбар-ғы-ңыз келедіСіздердіңбар-ғы-лары-ңыз келедіОныңбар-ғы-сы келедіОлардыңбар-ғы-лар-ы келеді

    Бұл форма мазмұны жағынан жүзеге асу я аспауы неғайбыл келер шақ мәнінде жұмсалумен қатар, өткен шақ пен осы шақ түрлеріне де қолданыла береді. Бірақ олар нақтылы амалдың жүзеге асқан я асып жатқан шағын емес, тек өткен шақта я қазіргі шақта сөйлеушінің көкейінде болған арман-ынтаны ғана білдіреді.

    Күрделі -ғай еді форманты арқылы сөйлеуші басқа(II, III жақ) субъектінің бегілі бір амалды жасағанын я орындағанын аңсайды, іздейді, бірақ одан амалдың қалай тынғаны көрінбейді де, білінбейді.

    Мысалы: сен барғай едің; ол барғай еді т. б.

    Күрделі -са игі еді форманты арқылы да сөйлеуші басқа (II, III жақ) субъектінің амалды орындауын тек тілек ретінде атайды. Бірақ амалдың нақтылы орындалатыны я орындалғаны аңғарылмайды.

    Мысалы: сендер барсаңдар игі еді; олар барса игі еді т. т.

    Бірақ сендер барса игі едіңдер дегеннен тілек я қалаудан гөрі күдік я күмән мағынасы күштірек білінеді.

    Күрделі -са еді форманты амалға тек арман мәнін үстейді, бірақ оның орындалуы я орындалмауы жөнінде ешқандай мәлімет білдірмейді.

    Мысалы: ол келсе еді; сіз барсаңыз еді т. т.

    Күрделі -са екен форманты да болашақта істелінетін амалды тек аңсап тілейді, бірақ оның жүзеге асу я аспауы тіпті ескерілмейді я ілтипатқа алынбайды.

    Мысалы: сен ертең жүрсең екен; ол пікірін айтса екен т. т.
    осыларды колданып тапсан болады
Самые новые вопросы